Нұр-Сұлтанда 17 тамыздан карантин шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетілуіне байланысты қаланың бас санитар дәрігері Айгүл Шағалтаеваның жаңа қаулысы шықты.
Жұмыс істеуге рұқсат берілген нысандар:
- ХҚКО – алдын ала қатаң түрде Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы брондау ретімен санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін бекітілсін. Құжаттау бөлімі: жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін беру;
- азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
- тамақ өнімдерін (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) сататын азық-түлік дүкендерінің жұмысын санитарлық-профилактикалық іс-шараларды қадағалай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
- үйдің жанындағы дүкендердің жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;
- азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендердің жұмысын демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған сауда желісін, тек онлайн тапсырыстарды қабылдаумен және тауарларды курьерлермен жеткізумен, өздігінен алып кетуге тыйым салумен ұйымдастырылатын жұмысты қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
- көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысын (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің) жұмыс және демалыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастыру;
- бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру;
- жеке медициналық орталықтар, стоматологиялар қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін;
- гүл сататын нысандар сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін;
- қаржылық ұйымдар.
Бұдан бөлек, көлік жуу, авто және тұрмыстық техника станциялары, химиялық тазалау нысандары, қонақ үйлер, демалыс базалары, тігін цехтары, типографиялар жұмыс істейді.
Тек жұмыс күндері істейтін нысандар:
- Қалалық қоғамдық көлік сағат 6:00-дан 22:00-ге дейін;
- сауда ойын-сауық орталықтары ,сауда үйлері бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін;
- балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттері сағат 11-ден 18.00-ге дейін;
- білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары (5 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін;
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондар (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) 10.00-ден 20.00-ге дейін;
- моншалардың, сауналардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығы 30%-дан аспайтынқатысумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша)жұмыс режимін уақытша шектей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін;
- ашық ауада жалпы пайдаланылатын орындарда орналасқан аттракциондар мен балалар ойын алаңдары сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін;
- мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын меншік нысанына қарамастан, әр топта 15 баладан аспайтындай толтырумен сағат 07:30-ден 18:00-ге дейін ұйымдастыру;
- “Қазпочта” АҚ-ның онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет көрсету бөлігі сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін;
- бизнес-орталықтар (адвокат, нотариус, бухгалтержәне консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар және т. б. қызметтері) сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін;
- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23: 00-ге дейін, тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтындай және тамақ жеткізуге, өзі алып кетуге тыйым салумен жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып рұқсат беру. Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Тыйым салынады:
- өңірлер арасында жолаушылар автобусының қатынауы;
- діни бірлестіктердің барлық объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмысы;
- мәдениет объектілерінің (мұражайлар, театрлар, концерт және көрме залдары және т. б.) жұмысы;
- көңіл көтеру орындарының (бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, соның ішінде лотерея ұтысы және т. б.) жұмысы;
- орналасқан жеріне қарамастан кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет және салтанатты залдардың жұмысы;
- қаладағы саябақтарда, жағалауларда, скверлерде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т. б.) жалға беру;
- қалалық жағажайлардың, аквапарктердің, океанариумның жұмысы;
- бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтарды қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыру;
- жаттығушылар санына қарамастан жабық ғимараттардағы (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары) жаттығулар;
- спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ форумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, отбасылық, еске алу шаралары және т. б. өткізуге тыйым салынады;
- 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу қойылады.