5 мамыр кешке Нұр-Сұлтан тұрғындарының бір бөлігі Хазірет Cұлтан мешітінде Рамазан айындағы алғашқы тарауық намазын оқыды.
Ақшам уақытынан соң мешітке ағылған жамағатқа Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айы туралы кеңінен мағлұмат беріп, осы айдағы тарауық намазында құран-хатым жасайтын қариларды таныстырды. Алғашқы тарауық намазында қарилар Құранның 20 бетін әр намазда кезекпен оқыды.
Айта кетейік 5 мамыр кешке мұсылмандардың ұлық мерекесі Рамазан айы басталды. Қасиетті айда мұсылмандар ораза ұстап, ауызашар жасап құлшылығын көбейтеді. Рамазан айы 4 маусым күні аяқталады.