Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүре бастады

0
123
Автобус. Photo: kolesa.kz

12 мамырдан бастап астанада қоғамдық көліктің жұмысы жанданды. Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолдың бірінші линиясына қалалық бағдарлар шықса, екініші бөлігіне қала маңына қатынайтын автобустар шығады. Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері мен жолаушылар барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс. Бетперде, қолғап киіп, антисептик қолдануы қажет.

Жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатады

Жол жүру үшін көлік карталарын және жолақысын төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар SMS, QR-код және мобильді қосымшалар.

Қазіргі уақытта астана қоғамдық көліктерінде SMS және QR арқылы төлем жасаудың мынадай мүмкіндіктері бар: QR-код немесе кодты теру арқылы төлеу үшін: kaspi.kz, Homebank, SMSBUS, Рахмет, AstraBus, My Beeline, SENIM, Plus24, My Activ, OYBY.

Телефон теңгерімі арқылы SMS-пен төлем жасау үшін (2505 нөміріне хабарлама жіберу): Activ/Kcell, Beeline, Tele2, Altel абоненттері үшін қолжетімді.

Қоғамдық көліктерде 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз