ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы 2020 жылдың соңында аяқталатынын айтты.
“Алдағы уақытта әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқаларын ұсынады. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша толық ақпаратты беретін боламыз. Жоба аяғына дейін жеткізіледі, нысанды тапсыру мерзімі алдағы жылдың соңына белгіленіп отыр”, – дегі Үкімет басшысының орынбасары.
Қазірде LRT құрылысына бөлінген қаржының дұрыс игермелуіне байланысты, “Астана” банкі қаржыны мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
“Нұр-Сұлтан қаласында LRT жобасын жүзеге асыру қазіргі уақытта елорда әкімдігі “Проблемалы кредиттер қоры” АҚ-мен, Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірге “Астана банкі” АҚ-дағы бұғатталған қаржысын алу мәселесін қарастыруда. Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады”, – деді Ж.Қасымбек.