27 қыркүйек, жұма күні Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы Өндіріс елдімекенінде “Ar-Rahman” атты жаңа мешіт ашылды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттің тұсауын кесіп, жамағатпен жұма намазы оқыды.
“Нұр Астана ” мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған Руслан Байзақов “Әр-Рахман” мешітінің бас имамы болып тағайындалды.