Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы болып полиция полковнигі Ержан Сәденов тағайындалды. Бұл туралы tengrinews хабарлады.
Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қала әкімі Бақыт Сұлтановпен бірге таныстырды.
Сәденов Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған. Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған.
2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.