Назарбаев астанадағы жаңа мешіттің ашылуына қатысты

0
737
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Photo: Turar Kazangapov

12 тамызда астанада үш жыл бойы салынған Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды. Жиынға Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. 

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды 

“Бүгін қасиетті жұма күні елордамызда  мешітті ашып жатырмыз. Бұл барша мұсылман тұрғындар үшін маңызды оқиға. (…) Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің барлық аймағында мешіттер ашылып жатыр. Алла Тағала осы мешіттерде оқылған дұғалардың барлығын қабыл етсін. 2019 жылдың наурыз айында мемлекет басшысы ретінде өкілеттілігімді тапсырар алдында мен осы мешіттің алғашқы кірпішін қалаған едім… Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуін тілейміз. Бұл мұсылмандық парызбен қатар отан алдындағы перзенттік парыз еді. Жаңа тәуелсіз Қазақстанды құру ісіне Алла береке берсін”, – деді Назарбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз