Нығматулин әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

0
105

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әйелдер қауымын «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин: «Кезекті кездесуімізді 8 наурызда Халықаралық әйелдер күніне орай өткізіп отырмыз. Бұл көктемнің ең әдемі, ең көрікті, ерекше мерекелерінің бірі. Сондықтан аяулы әріптестерімізді ертең болатын, көктемдегі осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш, жұмыстарыңызға табыс тілейміз», – деді.

Сондай-ақ, жалпы отырыс барысында сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та өз құттықтауын жеткізді. «Осы сәтті пайдалана отырып, әйелдер мен қыздарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сыртқы істер министрлігі ұжымының атынан баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Осы мереке қуаныш пен шаттық сыйласын деп тілеймін», – деді Қ. Әбдірахманов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз