Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қарулы күштердің жеке құрамын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Ол елордада өткен салтанатты шарада әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың жауынгерлік әзірлігіне жоғары баға берді.
“Әсіресе “Айбалта” стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында сарбаздар аянып қалмады”, – деді министр. Сондай-ақ мереке қарсаңында еңбегі еленген бірқатар әскери қызметшіге арнайы атақ беріліп, марапатталды.