Осы жылы ҚМДБ-ның бекітуімен ораза уақыты 6-мамыр болып белгіленді. Араб тілінен “Рамадан” сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.
Назарларыңызға 2019 жылғы Рамазан айының ораза кестесін ұсынамыз!
ОРАЗАҒА НИЕТ:
«Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын
таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім”
АУЫЗАШАР ДҰҒАСЫ:
«Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла!
Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!