Парламент мәжілісінің депутаттары сенбілікке шықты

0
87

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары сенбілікке шықты. Парламент мүшелері мен Палата Аппаратының қызметкерлері “Хан Шатыр” ойын-сауық орталығы мен Жағалау-3 тұрғын үй кешені аймағында тазалау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық жұмысқа белсене ат салысқан Мәжіліс депутаттары көгалдандыру жұмыстарында да өнімді жұмыс жасады. Көгалдандыру мақсатында депутаттар жалпы саны 200-ден асатын ағаштар отырғызды.

Сенбілікке қала бойынша жалпы саны 50 мыңға жуық адам шықты.

Сенбілік – тұрғындардың өз еркімен ақысыз еңбек етуі. Сенбілік ең алғаш 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша Мәскеуде пайда болған болатын.

Алғаш рет сенбілік Мәскеу-Қазан темір жолында өтіп, социалистік елде жарыса отырып жұмыс жасаудың үлгісіне айналды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз