Павлодарда оқушылар мен студенттерге қоғамдық көліктерде тегін жүру қарастырылуда

0
127

Павлодар оқушылар мен студенттерге қоғамдық көліктерде тегін тасымалдайтын жеңілдік жасаған еліміздегі алғашқы қала атануы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Қалалық мәслихат комиссиясы мүшелерінің отырысында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Асылбеков «Мұндай жеңілдікке төменгі сынып оқушыларынан бастап жоғарғы оқу орындарының студент жастары ие бола алады. Ол үшін жылына 998 миллион теңге керек. Бұл ақшаны біз еш жерден сұрамаймыз. Барлық шығынды тасымалдаушылар өз мойындарына алады. Олармен ортақ меморандум жасалған, қазір осы жағдайды қарастыратын боламыз», деді.

Еске салайық, Павлодарда комиссия отырысында жергілікті тасымалдаушылар жол ақысын 90 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс білдірген болатын.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде хабарлағандай, бүгінгі таңда АИ-92 жанармайының бір литрі -161,5 теңге, ал, дизель отыны – 174,5 теңге.

Осыған байланысты ТҮКШ бөлімі 1-желтоқсаннан бастап Павлодарда жолақысын 70-тен 80 теңгеге көтеру туралы ұсынысын білдірді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз