Православ христиандары мерекелерін атап өтті (фоторепортаж)

0
297

Оқи отырыңыз: Православтар Шоқыну мерекесін атап өтуде

19 қаңтар күні Христиан дінін ұстанатын Астана халқының православтары таңсәріден шіркеуге жиналды.  Әлемнің 145 елінде тойланатын Шоқыну мерекесі Елордада да басталды.

Ұзынсонар кезекте тұрған халықтың алдына шыққан “Григорий әкей” арнайы сөздер оқып қолындағы крестті қазандықтағы суға малып шықты да Христиан жұртын мерекесімен құттықтады.  Правословтар өздері “қасиетті су” санайтын үлкен қазандықтағы судан ыдысқа құйып алып жатты.

Шіркеу қызметкері Григорий.
“Шіркеу қызметкерімін. Өзімді “Григорий әкей” деп атаймын. Шоқыну – православтар мерекесі. Православтарда Исус Христос шамамен 2000 жыл бұрын Иордан өзеніне шомылғаннан кейін өзен суы тазарып, қасиет киесі арта түскен деген сенім бар. Бұл мереке жыл сайын дәстүрлі түрде  2 рет тойланады.18 қаңтар шоқыну, 19-ы мерекенің өзін атап өтеміз. Кеше Есіл өзенінің бойында халық жаппай суға түсті. Бұл күні тек христиандар ғана емес дінге еш қатысы жоқ жандар да денсаулығы жараса шомыла береді. Сондай дәстүр қалыптасқан. 18 қаңтар кешке басталған мереке 19 қаңтар түнде аяқталады”.
Шіркеу. Көрнекі сурет.
Қасиетті суға кезекке тұрған православтар.
Ұзынсонар кезек.
Қасиетті су.
Су құйып жатқан әйел. Көрнекі сурет.

Су құйып алған жұртты шіркеу жанында тұрған қызметкер су бүркіп мерекемен құттықтайды.
Су жеткізген көлік.
Шіркеу қызметкері Григорий арнайы сөздер оқып қолындағы крестті суға малып жатыр.

 

 

Григориймен суретке түсіруді өтінген қала тұрғыны. 

Шоқыну.

Суға түскенде…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:

Сафина АҚТАЙ,

Әбдіманап КЕҢЕС,

19.01.2019. Астана.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз