19 қаңтарда президент жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады.
Руслан Жақсылықов қорғаныс министрлігіне Мұрат Бектановтың орнына келді. Ол, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары және ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарды. Жақсылықов, бұл қызметке шамамен осыдан үш ай бұрын келген еді.
Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жақсылықовтың орнына ішкі істер министрінің орынбасары және ұлттық ұланның бас қолбасшысы болып Еркін Советбекұлы Ботақанов тағайындалды.