Президент жұмысшылар еңбекақысын әділ төлеу міндетін тапсырды

0
138

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау жөнінде:

“Осы жылы 4 маусымда Атырау қаласында бірқатар шетелдік компанияларда жұмыс жасайтын жергілікті және шетелдік жұмысшылардың еңбекақысын әділ төлеуді қамтамасыз ету міндетін қойдым. Үкіметке мұны аяғына дейін анықтауды, Асқар Ұзақбайұлы (Мамин), жағдайға, оның ішінде жұмыс жағдайлары, жұмысшылардың еңбекақысы бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырамын. Егер инвесторлармен келісім-шарттарға өзгерістер қажет болса, бұл мәселені күн тәртібінен алып тастамау қажет. Әрине, бұл оңай жұмыс емес, Мен түсінемін, бірақ бұл мәселені шешу қажет”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Ол ұлттық мүдделерді қорғау-барлық мемлекеттік органдардың басымдығы екенін атап өтті. “Қазақстандық мамандардың, жұмысшылардың тиісті біліктілік алуына аса назар аудару керек”, – деді Мемлекет басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз