2 қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауында педофилия мен зорлық-зомбылыққа жазаның күшейтілетінін айтты. Осыған орай отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтың пікірін сұрадық.
“Психологиялық тұрғыда әртүрлі зорлық-зомбылыққа тоқтататын ең үлкен күш -қорқыныш. Осыған байланысты заң қаншалықты күшті болса зорлық-зомбылық та азаяды деп ойлаймын”, – деді ол.