11 мамырдан бастап QAZAQ AIR рейстері Нұр-Сұлтаннан Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарға қалаларына қайта ұша бастайды. Бұл туралы авиакомпания Facebook парақшасында хабарлады.
Рейстер кестесі төмендегідей:
Хабарламада 7 мамырдан бастап бас санитардың шешімімен жолаушыларды ара өашықтық сақтау арқылы ұшаққа отырғызу туралы шешім қабылданғаны айтылған.
Ұшаққа міну үшін барлық жолаушыларда COVID-19 үшін ПТР сынақтан өткендігі туралы сертификат болуы керек және оны әуежайда көрсетуі қажет.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап жеті күн. Сондай-ақ олардан тасымалдау ережелеріндегі өзгерістерге байланысты әуежайға ұшудан кем дегенде 2 сағат бұрын келу сұралады.