QazVac вакцинасы “Халал даму” сертификатын алды

0
340

2 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына “Халал Даму” ЖШС сертификатын табыс етті. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты хабарлады.

Бұдан бұрын «QMDB Halal» стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, «OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауыт жағдайында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда 7 716 723 адам вакцинаның І компонентін, ал 6 671 959 адам ІІ компонентін салдырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз