“Үркер-2019” ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

0
161

25 мамыр күні журналистерге арналған “Үркер-2019” ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz  ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады.

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Биылғы жылы өтініштер келесідей номинациялар бойынша қабылданады:

1) Жыл фотографиясы;

2) Жыл репортажы;

3) Жыл аналитикалық материалы;

4) Жыл журналистік зерттеуі;

5) Жыл сұхбаты;

6) Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы;

7) Жыл радиостанциясы;

8) Жыл ақпараттық порталы;

9) Жыл газеті;

10) Жыл журналы;

11) Жыл new media (telegram-канал, әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик).

Биылғы жылы дәстүрлі номинациялардан бөлек, “Жыл new media” номинациясы тағайындалып отыр. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімді танымал ақпараттық telegram-каналдар және әлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады. Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындайтын болады. Комиссия құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтың арнайы естелік мүсіншесі табысталады.

Естеріңізге сала кетейік, баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы “Үркер” ұлттық сыйлығы 2017 жылы тағайындалған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз