Сайлау күні Нұр-Сұлтан базарлары сағат 12.00-де ашылады

0
135
Сурет: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда 9 маусым – кезектен тыс Президент сайлауы күні базарлар сағат 12.00-ден бастап жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бастаманы қаладағы базар басшыларының өзі көтерген.

Мұндай шешім кәсіпкерлер мен сауда нысандары қызметкерлері өз белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, сайлауға қатысуы үшін қабылданып отыр, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі.

9 маусымда Нұр-Сұлтандағы 17 сауда орны: “Артем”, “Көк базар”, “Ұлжан”, “Орталық”, “Әсем”, “Алай”, “Эталон”, “Сапар”, “Әмір”, “Алтай”, “Көктал”, “Сәлем”, “Шарын”, “Сарыарқа”, “Керуен”, “Шапағат” және “Он-Олжа” сағат 12.00-ден бастап ашылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз