Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлық табысталады

0
107
Дереккөзден

9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін елорданың 18 жастағы тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 23 мыңнан аса астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ, 9 маусымда туған күн иелері үшін түрлі сыйлықтардың тапсырылатыны айтылады.

“Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында “Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!” атты арнайы имидждік жоба іске қосылды. 9 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етеді”, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз