Астанада «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды.
Қабылдау күні: 20 желтоқсаннан бастап, 28 желтоқсанға дейін сағат 23:59-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау көрсетілген кезеңде тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.
Іріктеу кезінде отбасының құрамы ескеріледі. Бұл бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрған төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:
- жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
- жасы бойынша зейнеткерлер;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- қандастар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
- көпбалалы отбасылар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылар.
Пәтерлердің жалпы саны – 960, оның ішінде:
- «Көпбалалы отбасылар» санаты үшін – 270 пәтер;
- «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты үшін – 173 пәтер;
- басқа санаттағы «Халықтың әлеуметтік осал топтары» үшін – 517 пәтер.
Жалға берілетін пәтерлер, келесі мекен-жай бойынша орналасқан: Астана қаласы, Пригородный кенті, Е.761 көшесі («Оrman park» ТК); Е 699 көшесі – «Аѕраn park 1» ТК, «Аѕраn park 2» ТК; Тілендиев даңғылы («Жетіжол» ТК; Астана-Қарағанды тас жолы, 23 («Денсаулық» ТК); «ЕК-17, ЕК-21» көппәтерлі тұрғын үй кешені, «Едем» ТК, Көктал ауданы, «Көктем» ТК.
Өтініш беру үшін:
1) ЭЦҚ кілті;
2) отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3) балалардың туу туралы куәліктерінің сканерленген нұсқасы / отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (бар болса);
4) неке қию/бұзу/ әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы/ №4 формасы/ қайтыс болу туралы куәлік (бар болса);
5) жылжымайтын мүлікті белгілейтін құқықтық құжаттарының сканерленген нұсқасы (бар болса);
6) мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болса).
Өтінімдерді қарау нәтижелері zhilfond.kz сайтында, www.gov.kz – «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.