Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті. Іс-шара «Әділетті Қазақстан және ұлттық құндылықтар» тақырыбына арналды.
Айта кетейік, диалог алаңының отырысына Сенат және Мәжіліс депутаттарымен қатар мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, жазушы, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, “Білім-инновация” ХҚҚ президенті Дархан Өте, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның бас директоры Дихан Қамзабек, жазушы, драматург Роза Мұқанова, мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Qazaq boxing» мектебінің жаттықтырушысы Мұхит Амантаев, «Unknownkazak» жобасының авторы, блогер Диас Камериданов және тағы басқа сарапшылар қатысты.
Сенат төрағасы ұлттық құндылықтар, ең алдымен, тілімізге, тарихымызға, мәдениетімізге, дәстүрімізге және ата дінімізге табан тірейтініне назар аударды.
«Тарихи сананы қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі. Соның аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат ашаршылық тақырыбы бойынша біраз архив құжаттарын жариялады. Бүгінге дейін жеті том жинақ әзірленді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», – деген Палата Спикері отырыс барысында айтылған ұсыныстар Сенат жұмысында ескерілетінін тілге тиек етті.
Отырыс барысында қатысушылар қозғалған мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екендерін жеткізді. Сондай-ақ іс-шарада ұлттық құндылықтарды оқыту бағдарламалары, цифрлық коммуникацияның заманауи форматтары және басқа да бастамалар арқылы дәріптеу жөнінде тың идеялар айтылды.
Шет елдердің өмір сүру тәжірибелерін және құндылықтарын зерделей келе, адамзат баласын әсіресе өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуге әсер етуші факторлардың басым бөлігі медиа контент мазмұнын қолға алу арқылы екенін нақты айта аламыз.
Керемет бамтама. Жалғасын тапсын!