Бүгін сенат отырысында, депутат Медебаев Советбек, Сауда министрлігінің өкіліне сауал жолдады.
Алайда, министрлік өкілі бұл сұрақтың экономика және қаржы министрлігіне байланысты екендігін айтып, жазбаша жауап беруді сұрады.
«Сенатор салыққа ғана емес, дивидендтерге де қатысты сұрақ қойды. Сондықтан алдағы уақытта осындай кездесулерге дайындалып келіңіздер. Бұған дейін сұрақ қойған Алишер Сатвалдиевтің сауалына да жазбаша жауап беремін дедіңіз. Енді осы мәселенің де өз министрлігіңізге еш қатысы жоқ екенін айтып отырсыз. Сіз бүгінгі отырысқа Үкіметтен бас спикер ретінде шақырылдыңыз. Сондықтан әріптестеріңізбен мәселелерді алдын-ала талқылап, цифрларды талдап, тыңғылықты дайындалып келуіңіз керек еді», – деп, ескерту жасады спикер Мәулен Әшімбаев.