«Сергек» бейнебақылаулары қанша құқық бұзушылықты тіркеді?

0
86
ашық дереккөзден алынды

13 күн ішінде «Сергек» бейнебақылаулары 3 435 құқық бұзушылықты тіркеген деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соның ішінде қазан айының басынан бері бейнебақылаулар жол қозғалысы ережелерін бұзудың мыңға жуық фактісін, қоғамдық орындарда ішімдік ішудің 299 оқиғасын, ұсақ бұзақылықтың 100 фактісін, 1720 өзге де құқық бұзушылықтарды тіркеген.

ІІД оперативті бақылау орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 24 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде бұзақылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, қарақшылық шабуыл жасау тіркелген.

Сондай-ақ, әкімдіктің медиа-орталығының мәліметі бойынша, қала әкімі Әсет Исекешев «Сергек» бейнебақылаулары іске қосылғаннан бері жол-көлік апаттары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа есеппен 10 пайызға төмендегенін хабарлады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз