Sergek жаяу жүргіншіні өткізбейтін жүргізушіге айыппұл тіркеуді бастайды

0
48

Sergek интеллектуалды жүйесі енді жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарға жол бермеген жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды.

Сонымен қатар интеллектуалды жүйе пилоттық режимде жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындығындағы жолаушыда бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты бұзушылықтарды да тіркейді.

Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың 11 айында автокөлік дөңгелектерінің астында 556 жаяу жүргінші қаза тапты, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде.

Бұл заң бұзушылық, ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеуболып тіркеледі.

Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз