Шетел елшілері Елбасына сенім грамоталарын тапсырды

0
434

Бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа 5 мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілері Ауғанстан Ислам Республикасының елшісі Мохаммад Фархад Азими, Қырғызстан Республикасының елшісі Жээнбек Кулубаев, Литва Республикасының елшісі Гинтаутас Васюлис, Иран Ислам Республикасының елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Армения Республикасының елшісі Гагик Кимович Галачян сенім грамоталарын табыстады.

Мемлекет басшысы жаңа қызметке тағайындалған елшілерді дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтады.

«Құрметті елші мырзалар, бүгінгі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде жанжал ошақтары көбейіп, санкциялық текетірес пен сауда соғысы өршіп жатқанын көріп отырмыз. Өзара сенім болмаса, дағдарысқа қарсы кез келген іс-қимылдың оң нәтижесі болмайтыны белгілі».

Мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға тоқталған Елбасы «Қырғыз Республикасы Орталық Азиядағы маңызды әріптесіміз ғана емес, тарихи тамырымыз тереңге жайылған тату көрші, бауырлас мемлекет болып саналады. Сондықтан, біз Қырғызстанмен достыққа және өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға айрықша көңіл бөлеміз. Үкіметтеріміз осы бағытта тиімді жұмыс жүргізіп, екі жақты қарым-қатынастарды жаңа белестерге көтереді деп сенемін», деді.

Өз кезегінде Қырғызстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі өз қызметін пайдалана отырыпекі мемлекет арасындағы бауырлық қарым-қатынастың одан әрі қарқынды дамуына барынша үлес қосатынын мәлімдеді.

Елбасы: Біз Иран Ислам Республикасын аймақтағы маңызды серіктесіміз ретінде қарастырамыз. Тегеранмен тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге, әсіресе көлік, транзит, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия саласында жандандыруға мүдделіміз.

Мемлекет басшысы сөз соңында барша Қазақстан халқын алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мейрамымен құттықтап жаңадан тағайындалған дипломаттардың ісіне табыс тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз