Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны найзағай тиіп, қайтыс болды. Бұл туралы аймақтың Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешке Семейдің маңындағы Шекоман ауылында орын алған. Он алты жастағы жеткіншек үй маңында ойнап жүріп, найзағай тиіп, алған жарақат салдарынан көз жұмды.
Төтенше жағдайлар Департаменті көбіне шопандар мен малшылар табиғат құбылысының құрбанына айналатынын алға тартады.
Өз кезегінде, синоптиктер күн райының бұзылып, күн күркіреп, жел соғатынын ескерткен еді. Тұрғындарға алыс сапарға шықпау туралы ескерту жасалды.
Бұған дейін Қостанай облысында 8 жасар жеткіншек найзағай тиіп, қайтыс болды. Осымен, екінші адам табиғат құбылысының құрбанына айналды.