Шымкентте қоғамдық көлікте жан тапсырған зейнеткердің туысқандарына іздеу салынды. Бұл туралы elitar.kz хабарлайды.
Қоғамдық көлікте келе жатқанда әйелдің жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған. 8 минуттан кейін жедел жәрдем қызметі келген. Дәрігерлер әйелдің жан тапсырғанын айтты.
Қарт зейнеткердің жанында ешкім болмаған, құжаты мен телефоны да жоқ. Қоғамдық көлікте көз жұмған әйелдің денесін дәрігерлер полицияға тапсырды.
Жергілікті полицейлердің ақпарына сәйкес, туысқандарының жоғалып кеткеніне байланысты ешкім әзірге қоңырау шалмаған, қазіргі уақытта өлімнің себебі анықталуда. “Біз қайтыс болған әйелдің туысқандарын іздестірудеміз”, – деді полиция қызметкерлері.