Сириядағы соғыс аймақтарында 300-ге жуық қазақстандық бар.
“Олардың үштен екісі балалар. Бұл Сирияда. Қаза тапқандар санын тек бағамдау ғана мүмкін, өздеріңіз білесіздер, аймақтарда соғыс әрекеттері әлі жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді ҰҚК департамент басшысы Бақытбек Рақымбердиев СІМ-де өткен брифинг барысында.
ҰҚК департаменті басшысы елге қайтарылған 156 баланың 107-сі 7 жасқа толмаған яғни мектеп жасына дейінгі жеткіншіктер, 43-і – 7-ден 12 жасқа дейін, және алтауының жасы 12-ден асқан, деді. 18 баланың ата-анасы шетелде қаза тауып я із-түссіз жоғалып кеткен. Балалардың тең жартысы шетелде дүниеге келген.
10 мамырда президент Қ.Тоқаев Жусан-2 операциясы аясында Қазақстанға Сириядан 231 отандастың қайтарылғанын, оның ішінде 156-сы балалар екенін, олардың 18-і жетім балалар екенін хабарлады. Жыл басында аталған операция негізінде 47 қазақстандықтың елге қайтарылған еді.