Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды.
Өскемен қаласының басшылығына тағайындалған Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2001), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы (2001-2005)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы (2007-2009)
“Қазақстан” РТРК” АҚ “Астана” ТРК дирекциясы директорының орынбасары, “Арнамедиа” Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы (2010-2011).
Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы (2011-2013).
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2013-2016).
Алматы облысы әкімінің орынбасары (2016-2018).