Сот “нәрестесін қоқысқа тастаған” анаға 55 560 теңге айыппұл салды

0
112

Жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған қарағандылық азаматша сот үкімі бойынша 55 560 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы ақпаратты nur.kz сайты хабарлады.

Октябрь аудандық сотында қаралған іс бойынша Майқұдық азаматшасы сәуір айында үйде қызын босанып, қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Нәрестені қала тұрғыны тауып, жедел жәрдем шақырған. Азаматшаның одан бөлек екі баласы бар.

Сот кезінде айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Дегенмен оған жаңа туған нәрестені өлтірмек болды деген айып тағылды. Кейін жазаны ҚР ҚК-нің 119-бабы “Қауіпті жағдайда қалдыру” деп жеңілдетіп 20 АЕК (55 560тг) айыппұл салды. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ бетперде тағу баланы тастап кетуден қауіптірек болды. Себебі, карантин кезінде бетперде тақпағандарға тағайындалған айыппұл 30 АЕК (83 300тг) болды.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз