Тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 160 мыңға артты

0
83
Тұрғын үй құрылысы.

Мәжіліс отырысында депутат Бейсенбаев Елнұр, өнеркәсіп және құрылыс министрі Шарлапаев Қанатқа тұрғын үй кезегі азаюдың орнына көбейіп бара жатқаны туралы сұрақ қойды.

Депутаттың айтуы бойынша кейінгі үш жыл ішінде кезек саны 160 мың адамға артқан.

«3 жыл ішінде тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 480 мыңнан 640 мыңға дейін өскен. Шамамен 200 мыңдай адам. Бұл бір облыс халқының санымен тең және де бұл сан жыл сайын өсуде. Осындай өсіммен тіпті бірнеше жылдың ішінде кезекте тұрғандар саны миллионнан асуы мүмкін. Ал, мемлекет жылына тек 9-10 мың шамасында пәтерді пайдалануға береді. Тұрғын үйге кезекте тұрғандар мәселесі әлі де шешілмеді», – дейді депутат.

Осылайша депутат Бейсенбаев министрге келесідей сұрақтарды қойды:

  • Сіздердің, жақын арада осы мәселені шешетін жоспарыңыз бар ма?
  • Бұған біз мемлекет бюджетінен қосымша қаражатты қарастырамыз ба?
  • Мүмкін жемқорлардың ақшасына әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға үй салуды қарастырамыз?

Министрдің жауабы бойынша мәселенің ауқымды екені анық.

«Нақты жоспарға тоқталар болсақ, қазіргі таңда бізде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған екі пайыздық қарыз беру бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама аясында шамамен 32 миллиард теңге бөлінген. Бұл, 3200 адамға берілетін қарыз сомасы. Біз осы қарқынмен қозғалар болсақ мәселенің барлығы шешіледі. Қалған кезекте тұрғандарға жылдық мөлшер 5 пайызды құрайды. Оған 39,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл 3600 адамға берілетін қарыз сомасы», – деп құрылыс министрі қысқа қайырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз