Түркістан облысында түлектер 4 баланың анасына үй алып берді

0
193

Түркістан облысының Түлкібас ауданында мектеп бітірушілер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады.

 1999 жылғы түлектер баспанананы 20 жылдық мерейтойы қарсаңында сыйға тартты.  Осы уақытқа дейін Мичурин совхозының қызметкері Назира Жапарқұлқызы Таусағыз кентіндегі жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр болды. Қазір ол декреттік демалыста. Мұндай игі іс Түлкібас ауданындағы бірінші жағдай емес. Өткен жылы осы мектеп бітірушілері жеті баланың анасына аудан орталығынан 4 бөлмелі үй алып берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз