29 мамыр күні Түркістан облысында жоғалған жеті студенттің тағы бірінің денесі өзеннен үш шақырым жерден табылды. Мәйіт туралы нақты ақпарат әлі шыққан жоқ. Экспертизадан өтіп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз хатшысы Талғат Уәли хабарлады.
“Алғашында бір адам Өгем өзенінің бойынан табылды. Жаңа ғана арада жарты сағат өткен соң екінші мәйіт өзеннен үш шақырым жерден табылғаны белгілі болды. Кім екені белгісіз, экспертизадан өтіп жатыр”, – деді ТЖМ баспасөз хатшысы Талғат Уәли хабарлады.
Бүгін марқұм Абылай Тоқтасынның денесі ұлттық парк аймағындағы өзеннен табылған.
Еске сала кетейік, бір күн бұрын Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті студенттің үшеуін тапқан болатын. Олар: Бағдат төлеу, Диас Төлегенов, Саят Өскенов. Қазіргі уақытта қалған үш студент іздестіріліп жатыр.