Өткен тәулікте 1784 адам вирус жұқтырып, 18 адам қайтыс болды

0
214
Photo: Turar Kazangapov

28 мамырда Қазақстанда 1688 адамнан коронавирус табылды. 96 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 11 адам – коронавирустан, 7 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 29 мамыр күні хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 383 595 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 9 айға жуық уақыт ішінде 55120 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 902 адам қайтыс болған. 51186 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 29 171 адам (оның ішінде 576 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 638 адамның жағдайы ауыр, 162 науқастың жағдайы өте ауыр. 108 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз