Чемпиондар лигасысының финалында “Манчестер Сити” мен “Челси” кездеседі

0
137
Photo: prosports.kz

29 мамырдан 30 мамырға қараған түні сағат астана уақытымен 01:00-де 2020/21 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалдық ойынында “Манчестер сити” және “Челси” командалары бақ сынасады.

Финалда англиялық клубтардың теке-тіресін тамашалай аласыздар.

Жоспар бойынша Чемпиондар Лигасының финалы Түркияның Стамбул қаласында өтуі керек еді. Алайда, карантинге байланысты ойын Португалияның Порту қаласындағы «Драгау» стадионында өтеді.

Бұл матч “Манчестер сити” клубы үшін тарихындағы алғашқы финал. Ал, лондондық “Челси” клубы үшін үшінші финал. (2008 жылы “Манчестер Юнайтед”, 2012 жылы “Бавария”) Дегенмен, “Челси” командасы бұдан бұрын манчестерлік командаға чемпиондар лигасының финалында 2008 жылы есе жіберген еді. Ал, 2012 жылы “Бавария” клубын жеңіп, кубокты Лондонға жеткізген болатын.

Чемпиондар лигасы финалының тікелей трансляциясын Qazsporttv теле арнасынан тамашалай аласыз. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз