Түркістанда халықаралық инвестициялық және туристік форум өтеді

0
135

Түркістан облысында 28 қыркүйекте алғаш рет “Ежелгі Түркістан-Жаңа мүмкіндіктер” атты харықаралық инвестициялық және туристік форум өтеді. Халықаралық форумға Түркия, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің өкілдері қатысатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков “Оңтүстік” баспасөз клубында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Форум барысында логистика, туризм және агроөнеркәсіптік кешенге қатысты мәселелер қаралатын болады. Жалпы инвестициялық бағыт бойынша 250 астам қонақтар келеді деп күтілуде. Іс-шараның шетелдік қатысушыларының басым бөлігін Еуропалық Одақ компаниялары құрайды. Олардың қатарында жеке инвесторлар, халықаралық трансұлттық компаниялардың өкілдері, инвестициялық қорлар, қыржы институттары мен банк басшылары бар.

Ербол Қуанышұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары: Форумның негізгі мақсаты – халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен жыл сайын өтетін нетворкингке арналған халықаралық алаңын құру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын шетелдік инвесторларды тарту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Сондай-ақ, туризм – өңірдің дамуында және инвестиция тартуда ең басты және маңызды бағыттардың бірі екені белгілі. Яғни, инвестицияның басым бөлігі осы перспективалы салаға бағытталатын болады. Нәтижесінде облысымызға келетін туристер саны еселеп артатын болады деген сөз. Айта кетерлігі, қазірдің өзінде шараға қатысуға шетелдік инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз