Түркістанда өзгенің атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

0
117

Түркістанда өзгенің атына несие рәсімдеген жігіт анықталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оның атына белгісіз біреу несие алып, 900 мың теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдан соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті іс-шараларды жүргізді. Атқарылған тиянақты жұмыстың нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды.

Ол жұмыссыз жас жігіт, жергілікті тұрғын болып шықты. Алаяқ, жолаушы ретінде көліктерге отырып, көлік иелерінің телефондарын сөйлесу мақсатында алдап алып, несие рәсімдегені белгілі болды.  Күдікті жігіттің бұдан басқа алаяқтықтың 5 жайтына қатысы бары расталған.

Жәбірленушілерге 6 миллион теңге шығын келген.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз