Тазабеков “Асыл арнаның” қаржы көзі туралы айтты (видео)

0
229
"Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков. photo: youtube

7 қарашада орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте “Асыл арна” телеарнасының бас директоры Мұхаммеджан Тазабеков Kazaknews.kz агенттігі тілшісінің арнаның қаржыландырылуы туралы қойған сұрағына жауап берді.

“Біз осы мәселе төңірегінде он жыл бойы көптеген сұраққа жауап беріп келе жатырмыз. Біріншіден, елдің білгісі келетіні “шетелден қаржыландырыла ма?” “шетелден қандай да бір қаржы көзі түсті ме” дегендей сауалдар. Ешуақытта, ешқашан да “Асыл арнаға” шетелден бірде-бір тиын, теңге түскен емес. Біздің негізгі қаржы көзіміз – жарнама. Өзіміз әртүрлі телеарнамыздың контентіне сәйкес келетін тауарларды жарнамалап содан табыс табамыз. Екіншіден біздің түрлі жобаларымыз бар. Яғни, Қазақстандағы кәсіпкерлермен бірлесе ортақ жобалар жасап, сол жобалар арқылы қаржы табамыз”, – деді ол.

Айта кетейік, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің жиынында Мұхаммеджан Тазабеков “Асыл арнаның” жабылатынын мәлімдеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз