27 қазанда терроризмді насихаттаған 10 адам құрықталды. Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында ұстаған.
Олар әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жүйелі түрде лаңкестік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен тұтқындалған.
Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған.
Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасуда.