Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 23,6%-ға өсті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі статистика бюросына сілтеме жасап.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.
Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (7 наурыз):
- Сүт 2,5% – 355 тг/л
- Құмшекер – 454 тг/кг
- Күріш – 383 тг/кг