30 қазан күні Қазақстан президенті Twitter парағында карантинге қатысты халыққа үндеу жолдады. Көптеген елдер қайтадан локдаун жариялағанын айтқан президент халықты карантин шараларын сақтауға шақырды.
Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 30, 2020