Тоқаев пен Пашинян телефон арқылы сөйлесті

0
163
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян. Photo: inform.kz

16 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянмен армян-әзербайжан шекарасындағы ахуалды талқылады. Бұл туралы Армения премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

“Никол Пашинян Әзербайжанға Арменияның суверенді территориясына қол сұғуға жол бермеу қажеттігін және мәселені шешу үшін ҰҚШҰ бойынша әріптестердің ұстанымын қатар қоюдың маңыздылығын атап өтті” делінген хабарламада. 

Армения премьер-министрінің сайтында ақпарат қысқа берілген.

Ал Ақорда сайты әзірге Тоқаев пен Пашинянның телефон әңгімесі жайлы хабар таратпады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз