Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді.
Президент Қазақстандағы тұрақтылық, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін тапсырма берген.
Кездесуде Жамбыл облысындағы дүнген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілген.