Тоқаев: жағдай тұрақталса төтенше жағдай аяқталады

0
86
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде жағдай тұрақталса, төтенше жағдай режимі 11 мамыр күні аяқталатынын айтты.

Президент “Egemen Qazaqstan” газетіне берген сұхбатында Қазақстанда төтенше жағдайды дер кезінде жариялағанын айтқан.

“Дағдарысқа қарсы шаралар үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенін білесіздер. Ең алдымен, жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге мөлшерінде төлем жасауды ұйғардық. Жалпы, 4,2 миллион адам бұл көмекті алды”, – деді президент. 

Президент бұдан бөлек, миллионға жуық мұқтаж жан азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілетінін атап өткен.

Мемлекет басшысының айтуынша, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету қазіргі негізгі мәселенің бірі.

“Мен мұны Үкіметке де, әкімдерге де тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Жалпы, елімізде азық-түлік жеткілікті. Алдағы кезеңде бағаны қымбаттатпай, елді дүрліктірмей, жұмысты дұрыс жүргізген жөн. Ең маңызды мәселе – ауылдағы жас­тарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету. Әйтпесе бақылаусыз миграция мен урбанизацияға ұшырап, соның салдарынан күрделі әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуімізге тура келуі мүмкін. Міне, біз осындай қиыншылықтарды көре бастадық. Әсіресе бұл ірі қалаларда байқалуда. Осы мәселелер мемлекеттік органдардың ұдайы назарында болуы керек”, – деді Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз