Тоқаев “жала жабу” бабын әкімшілік кодекске ауыстыратын заңға қол қойды

0
169
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

27 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “жала жабу” бабын Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстыруды қарастыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев “жала жабу” бабын қылмыстық сипаттан арылтуға қатысты тапсырма берген. Кейін парламент тиісті құжатты қабылдады.

Сонымен қатар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік топтық немесе діни араздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің 174-бабына да түзетулер енгізілген.

Атап айтқанда, “қоздыру” сөзі “тұтандыру” сөзімен алмастырылған. Айыппұл жазаның баламалы түрі ретінде енгізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз