Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушыларды “Айбын”* орденімен марапаттады. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.
І дәрежелі “Айбын” орденімен:
- Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
- Заикин Сергей Владимирович (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
- Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;
ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен:
- Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
- Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
- Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері
- Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөліміндегі қоймадағы оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласқан. Жарылыстан кейін әскери қоймаға жақын маңдағы ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланды. Қазір олардың бәрі үйіне оралған. Жамбыл облысы әкімдігінің айтуынша, апат салдарынан 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық объект, үш мектеп бүлінген.
Жамбыл облысындағы жарылыстан 17 адам қаза тапқан.
Оқи отырыңыз – Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болды
“Айбын”* – Қазақстан Республикасы президентінің “Қазақстан Республикасының наградалары туралы” 1995 жылғы жарлығымен бекітілген әскери орден.
Орденмен Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayiпcіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін марапаттылады. Одан басқа әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады.
-
I дәрежелі «Айбын» ордені
-
III дәрежелі «Айбын» ордені
“Айбын” орденінің I, II және III дәрежелері болады:
І және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады.
III дәрежелі “Айбын” орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар марапатталады.