“Билік халық алдында тұрақты түрде есеп беріп отыруы тиіс. Уәдені үйіп-төкпей, орындауы тиіс”, – деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусым Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында ресми қызметіне кірісу барысына орай өткізілген салтанатты ұлықтау шарасында.
Тоқаевтың сөзінше аталған қағиданы үкіметпен қатар әкімдер де ұстануы тиіс. Мемлекет басшысы өзіне экономикалық дамудың жалпы саны емес, ел азаматтарының әл-ауқаты маңызды екенін алға тартты. “Сондықтан стратегиялық мәселелер бойынша шешім қабылдарда халықтың басым көбінің ұстанымы есепке алынады”, – деді Тоқаев.
“Біздің мемлекеттік биліктің формуласы – мығым, лауазымға ие президент, ықпалды, іске қабілетті парламент, халыққа бағынатын билік. Дәл сондай саяси форма біздің халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келіп, алдымызда тұрған стратегиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді”, – деді Қазақстан президенті.
Тоқаевтың пікірінше мемлекеттік билікке білімді, лайықты жандар келуі тиіс. “Жалпы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру керек. Басты мән азаматтық қоғамға беріледі“, – деді мемлекет басшысы.