Қазақстанда шетелден әкелінген көліктерді тіркеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
“Елімізге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінде 28 мың қазақстандықтың өтініші мақұлданды. 5,5 мың автокөлік иесі заңдастыру процесінен өтіп, мемлекеттік нөмір алды. Шетелдік көлік иелері ХҚО, электронды үкімет порталы және қосымша арқылы заңдастыру өтінімін бере алады”, – дейді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айта кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.
Автокөлікті заңдастыру төлеміне келсек, 200 мың теңге мемлекеттік алым, 4 313 теңге паспорт бажы және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлеу қажет.
Сонымен қатар шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.